Семейде жаңа көпір салынады
Жергілікті билік өкілдері апаттық деп танылған ескі көпірді зерттегеннен кейін осындай шешім қабылдады. Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр. Ұзындығы 810 метр болатын өткел төрт жолақты. Ал ескі көпір жаяу жүргіншілерге қызмет көрсетеді.
Нұржан Ескендіров, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
- Келісімшарт 30, 3 млрд теңгеге жасалды. Қазіргі таңда оң жағалауда құрылыс алаңы дайындалып, кәріз жүйесі шығарылып жатыр. Жоба 2025 жылы аяқталады.