Ақтаулық полицейлер 8 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады
Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Тергеу мәліметінше, күдіктілер жәбірленушіні алдап, жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде электрошокер, сойыл және пышақпен қинаған және барлық әрекеттерін смартфон камерасына түсіріп отырған. Жедел-іздестіру және құрықтау шарасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізілді.
Әйгерім Ибатұллаева, ПД ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің басшысы:
- Осы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2 бап бойынша тіркелді. Жәбірленушіден ақша бопсалаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, топ мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды.