Қазақстандық Гибралтар бұғазын гидрокостюмсіз жүзіп өтті
Ол жүзуден кезекті рет жарысқа қатысқан. Бір ерекшелігі отандасымыз 740 спортшының арасынан 16,7 шақырымды су киімінсіз еңсерген алғашқы жүзгіш. Ендігі мақсаты – мұхитты бағындыру. Бұған дейін Ыстамбұлда құрлықаралық сайысқа қатысып, Босфор бұғазында 6,5 шақырымды жүзіп өткен еді.