Хабар телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы алапат өрт шығыны 1 млрд теңгеден асты

Бүгінге дейін арнайы комиссия жұмыс істеп, шығын көлемін есептеді. Мамандар: «Өрттің тұтануына тұрмыстық қоқыстарды жағу себеп болуы мүмкін»,— дейді. Екпінді жел мен құрғақ ыстық ауа райынан қызыл жалын тез тараған. Салдарынан 11 мың гектардан астам орманды дала алқабы жанып кетті. Тілсіз жаумен күресуге 31 млн теңге жұмсалған.

Қайрат Мейрембеков, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
- Бір млрд ішіндегі нақты өрт өшіруге арналған шығындар 31 млн теңгеден асады. Осындай шығынды есептей отырып, келешекте осыны болдырмайтын шаралар қабылдау туралы ұсыныстар орман шаруашылығына берілді.