Хабар телеарнасы

Астанада «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығы табысталды

Конкурс жеңімпаздары онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы» және «Жылдың үздік қамқоршысы» деп аталатын 5 номинация бойынша анықталды. Әр өңірден іріктелген 50 қайырымды жанның әрқайсысы өз ауылын, қаласын дамытуға зор үлес қосып, мұқтаж жандарға көмектескен.

Айбек Беделханұлы, қоғамдық қордың жетекшісі
-Өздеріңіз білесіздер, қазақтың бір байы бүкіл бір елді асыраған. Міне, осындай нәрсені жаңғыртып, қаншама әл-ауқатты кісілердің барлығы әлеуметтік жағдайы төмендерге қарайласатын болсақ, біздің мемлекетте топтық, таптық теңдік сақталар еді. Ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен, көмірмен, бірнеше балаға мектеп формаларын алып беру секілді айта берсек өте көп біздің жобалар.