Мердігерлер сапасыз жолдарды қайта жөндеп жатыр
Жөнделген жолдардан алынған мың жарымға жуық сынаманың үштен бірі техникалық нормативке сай болмай шықты. Әсіресе Торғай өлкесінің жолдарында олқылық көп. Жалпы биыл облыстағы жолдарды жөндеуге 23 млрд теңге бөлінген.
Абылай Алшынбаев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК ҚОФ басшысы:
- Біріншіден, қолданып жатқан материалдардың сапасы нашар. Ал екіншіден, жол жөндеу технологиялары сақталмайды. Асфальт-бетон жабындары талапқа сай емес. Кейбір жол учаскелерінде техника жеткіліксіз. Қазір 700 ескертудің 580 түзетілді.