Дайрабаев Аршалы ауданына барды
Аршалы ауданындағы диірмен-макарон комбинатының жұмысымен танысты. Тұралап қалған саланың тамырына қан жүгірту жолдары туралы әңгімелесіп, кәсіпкерлермен пікір алмасты. Бұдан соң, Анар ауылының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды.
Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
-Бір мекеме бір ауылды асырай алады. Бірақ біз барған диірменнің хал-ахуалы өкінішке қарай нашар. Қазіргі таңда астық-бидай қымбаттап жатыр. Қазір ол мекеменің жұмысы тұралап тұр. Өздерінің шығаратын астықтарын өңдеді, жөндеді. Енді тұр.