Қаскелеңдегі жабық көшелерге жол ашылады
Алматы облысы, Қаскелең қаласында 4 көше тұйықталып тұрғындар орталық көшеге шыға алмай қалған еді. Тұрғындар «Хабар» арнасына хабарласып, 250-ге жуық үй орналасқан тұйық көше жайлы жаңалықтардан хабарлаған болатынбыз. Міне, арада бірнеше күн өткеннен кейін Президент Қасым Жомарт Тоқаев мәселені бақылауға алып қаланың бас жоспарына өзгеріс енетін болды. Қаскелеңдегі асфальты жоқ көшелер келесі жылдың бюджеттік жоспарында қарастырылмақ. Тұйық көшенің дауы 2017 жылы қаланың бас жоспары өзгеріп, 20 метр жол кәсіпкердің меншігіне өтіп кеткеннен басталған екен.
Жасұлан Естенов, Қарасай ауданының әкімі:
-Біріншіден, біз бас жоспарға өзгеріс енгіземіз. Ол енді екі айдың ішінде қазір шешім табар. Сонымен қатар ол жерде үш жер телімінің иелеріменен сөйлесеміз. Оларға басқа жер телімдерін ұсынамыз немесе басқа жолдарын қарастырамыз да сонымен міндетті түрде ол жолды ашамыз.