Сатыбалды меншігіндегі асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алыс шетелдерден құны 230 млн АҚШ долларынан асатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге әкелінді. Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдының шетелдік бағалы қағаздарға 300 млн АҚШ долларын салғаны анықталды. Бұл қыруар қаржы жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз шығарылған капиталды іздеу және елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.