Жетісу облысындағы 1,5 ғасырлық мешіт қалыпқа келтіріледі
Бір кездері қараусыз қалған ғимарат жаңартылып туристік нысанға айналмақ. Осылайша ақын Сара, әйгілі Шоқан Уәлиханов, ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон жүріп өткен нысан жаңартылады. Бір жарым ғасыр бұрын тұрғызылған ғибадат үйінің төбесінен су өткендіктен, шатыры да ауыстырылды. Бұл елді мекенде осындай оннан астам сәулет ескертіші бар. Ал ауылдық кітапхана қызметкерлері оларға қатысты мәліметтерді топтастырып, жинақ етіп шығармақшы. Оған «Ноғай мешіті» туралы да мағлұматтар енгізіледі.
Айсәуле Жайлаухан, кітапханашы:
- Бұл мешіт Ноғай мешіті деп аталады. Негізі 1865-1866 жылдары қалаған. Жобасын Семей облысының бас сәулетшісі Никитин сызып бекітіп берген. Салушысы осы ауылдың қажысы Ғалиақпар деген кісі қаржыландырып, мешітті салған. Қабырғасын табиғи тастармен салып, сыртын кірпішпен оның сыртын ағашпен қаптаған екен.