Қазақстанда синтетикалық есірткіге тәуелді жастар көбейген
Үш айлық жедел-тәжірибелік іс-шара барысында 60 факті тіркеліп, 250 келіден астам есірткі тәркіленді. Мамандардың айтуынша зиянды өнімнің әр граммы қара нарықта 15-20 мың теңгенің айналасында саудаланады. Бұл жастар үшін қолжетімді баға. Қылмыстың бұл түрі көбінесе интернет арқылы жасалады. Тұтынушылар арасында 14-15 жастағы оқушыларда кездесетіндігі — алаңдатарлық жағдай. Сатушы және таратушылар тағы да сол жасөспірімдер.