Атырау облысында сұйытылған газ тапшы
Қараша айының соңына қарай газ өндірісін тәулігіне 800 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Оған дейін автогаз тапшылығын болдырмау үшін өңірге сұйытылған газ көршілес Ақтөбе облысынан жеткізіледі.
Анар Ахметова, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы:
- Жергілікті атқарушы органдар тарапынан және ҚР Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, бүгінгі таңда Ақтөбе облысы «Qazaq Oil» мекемесінен 700 тонна, «Газ Processing» мекемесінен 400 тонна газ Атырау облысына әкелуге келіссөздер жүргізіліп жатыр. Баға бір баға. 50-55 теңге аралығында сақталады. Өйткені бұйрыққа сәйкес.