Абай облысында баспана кезегін күткен тұрғындарға пәтер кілттері тапсырылды
Бірқабатты баспаналар көп балалы аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен тұрғын үйі апатты деп танылған жандарға берілді.
Шынар Шохманова, Аягөз ауданының тұрғыны:
- 2013 жылдан бері пәтер кезегінде тұрып, міне Алланың қалауымен баспаналы болып жатырмын. Осындай үйсіз-күйсіз жүрген жандарға жұғысты болсын. Біздің Аягөз қаламызда дүбірлі той. Баспана алып жатырмыз.