Алтынсарин өмір жолын түрік тіліне аударған Экрем Аян Қостанайға барды
Экрем Аян Түркияның Мугла қаласындағы университетте қызмет етеді. Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы» атты шығармасымен танысып, оны әрі қарай зерттеуге қызығушылығы оянған. Осы уақытқа дейін ағартушының бірнеше туындысын түрік тіліне аударып, өзінің зерттеу кітабын жарыққа шығарды. Ғалым бұл сапарында Ыбырайдың туып өскен өлкесімен танысуды мақсат етеді. Сонымен қатар Арқалықтың студенттеріне он күн бойы дәріс оқиды. Экрем Аян қазіргі қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған, Алтынсарин бастаған алаш арыстары деп есептейді.
Экрем Аян, түрік ғалымы:
-Негізінен тәуелсіздік соғыспен келеді. Ал бірақ біз білеміз, Қазақстанның егемендігі Алтынсарин, Абай, Байтұрсынұлы, Дулатұлы тәрізді тұлғалардың қаламының қуатымен келді. Яғни қазақтың егемендігі үшін ұрыс қаламмен жасалды. Сол қаламның еңбегімен Қазақстан 1991 жылы тәуелсіз ел болды.