«Қапланбек» өткізу бекеті 1 желтоқсаннан бастап жабылады
Жұмсалатын сома 15 млрд теңге. Оның жартысы жабдық сатып алуға шығындалады. Сөйтіп, шекараның өткізу әлеуеті 8 есе артады. Бүгінге дейін көліктер кезегін 2 сағаттап күткен болса, бұдан кейін 25 минутта өте алады. Еуразиялық Экономикалық Одақ бұл тұрғыда шекарадағы 8 көлік жолын, 1 теміржол бекетін және Астанадағы бас диспетчерлік кеңсені жаңартып, техникамен қайта жабдықтауды жоспарлаған.
Бақытжан Слямов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жобаның сметалық құжаттарын дайындады. Жоспарға сәйкес, барлық бекеттердегі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталады.