Ауыр дертке шалдыққан 100-ден астам баланың арманы орындалды
Қоғам белсенділері мен еріктілер ауруханаларда, интернаттарда кішкентай пациенттер үшін кітап оқу, үстел ойындары, сурет, мүсіндеу сияқты іс-шараларды өткізді. Армандар орындалады жобасына 500-ден астам ерікті жұмылдырылып, акцияға 100 серіктес қатысты. Олардың ішінде бизнесмендер, меценаттар, Қазақстанның белгілі медиа тұлғалары бар. Қайырымдылық акциясы аясында танымал әнші Димаш Құдайбергенмен кездесуді армандаған баланың қалағаны орындалды. Меценаттардың көмегімен осындай ауқымды әрі сауапты іс жыл сайын өткізіліп отырады.
Абылайхан Әбдіраш, «Қазақстан медицина жастары» РҚБ төрағасы:
- Жоба барысында 600-ге жуық өтінім келіп түскен болатын. Бірақ бізде өзіміздің критерийлер бар. Сараптап алғанда біз 500-ге жуық баланың арманын орындадық. Жекелей алсақ 100 баланың арманы орындалды. Ол дегеніміз 50 баланың арманы бірдей болуы мүмкін. Яғни көңіл көтеретін іс-шаралар өтті.