Оралда кәріз коллекторы тағы да жарылды
Коммуналдық кәсіпорын апатты жою үшін ауызсу желісін уақытша ажыратуға мәжбүр болды. Енді маңайдағы ықшам аудан тұрғындары сусыз отыр. Ал жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда. Шаһарда кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 377 шақырым. Соның 60% тозған.
Әнуар Аркенов, «Батыс су арнасы» ЖШС директоры:
-Құбыр 7 метр тереңдікте жатыр. Оны толық қазуға қолданыстағы экскаваторымыздың қауқары жетпей тұр. Қосымша техника қарастырып жатырмыз. Екіншіден, түрлі кабельдер, байланыс және бағдаршам желілері кедергі келтіріп жатыр. Тиісті ұйымдармен байланыс орнаттық. Олардың көмегінен кейін ғана қазу жұмыстарын жалғастырамыз.
Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары:
-Кешенді дамыту жоспары бойынша 40 млрд теңге қаралған. Тиісті жұмыстар 3 жыл бойы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Магистральді желілерді жаңғыртуға басым бағыт беріліп отыр. Яғни кәріз коллекторлары, кәріз-сорғы стансалары және үдеткіш сорғы стансалары жаңартылады.