Ақсу қант зауыты ақпан айынан бастап қант құрағын өңдей бастайды
Президент аймақтағы екі қант зауытының қуатын 100 пайызға жеткізуді міндеттеген еді. Соған сәйкес мекемеде жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Нақтырақ айтқанда қосымша құрал-жабдықтар әкелініп, қант қызылшасына арналған техника құрақты өңдейтіндей етіп жасалып жатыр.
Есім Базарханов, Ақсу ауданының әкімі:
-Тросникті өңдеуге осыдан жұмыс жасауға нақты тапсырма берілді. Бұйырса осы 8 айдың ішінде олар 80 мың тонна тросникті өңдеуге кірісуі керек.