10 жылдықта баспанасы жоқ азаматтардың саны 10 млн-ға жетуі мүмкін
Өйткені баспаналар халыққа қолжетімсіз болып барады. Біріншіден, баға жоғары. Оған себеп - шет елден келетін құрылыс заттарының қымбаттығы. Ал отандық материалдар қажеттіліктің 40% ғана қамтамасыз етеді. Мамандар: «Тығырықтан шығудың жолы - зауыттарды көбейту», — дейді. Екіншіден, тиімді ипотекалық бағдарламалардың аздығы. 7-20-25 бағдарламасы да тоқтауға таяу. Конференцияға қатысушылар бұл жобаны жалғастыруды ұсынады. Немесе жауапты мекемелермен бірігіп тиімді жаңа бағдарлама дайындау қажет дейді. Есесіне бұл ел экономикасына демеу болады.
Бейсен Жолболдиев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:
- Бұл салада бізде 100 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл дегеніміз 100 мың отбасыны қамтамасыз етіп, қаладағы экономиканың үлесі 7-8% құрайды. Бұл тікелей. Астана қаласы біздің елорда боғандықтан құрылыс саласы біздің басты драйвер болып келеді. Бізде проблемалар өте көп. Құрылыс саласында бұл мәселелерді бір емес, бірнеше рет көтерген болатынбыз.