«Дала қырандары» орталығы ашылады
Орталықта спортзалдар, коворкинг, кітапхана, фитнес пен дәріс бөлмелері жұмыс істейді. Біріншіден, оған қатысу толықтай тегін. Екіншіден, жаттығулар мен кездесулерді өз саласында жетістікке жеткен үздіктер мен чемпиондар өткізеді. Жастар сол тұлғаларға қарап бой түзесін деген ниетпен осылай жасалған.
Ербол Мырзабосынов, «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің директоры:
- Ең бірінші орталық Астана қаласында ашылуы жоспарланған. Алдағы уақытта жер-жерлерде дала қырандары орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Көптеген жылдар бойы өмірімізді спортқа арнап, одан кейін жаттықтырушы қызмет атқарғаннан кейін біз жастарға не керектігін білеміз.