Астанада қазақ-өзбек жастарының конгресі өтті
Шараға жүзден астам адам қатысты. Олар бірнеше панельдік сессияларға қатысып кәсіпкерлік, азаматтық белсенділік, ғылым, мәдениет, креативті индустрия тақырыптарын талқылады. Қазақстандықтардың 40% жуығы жастар. Олардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және әлеуметтік жеңілдіктерге ие болуы заңмен бекітілген. Делегаттарға осы мүмкіндіктер таныстырылды. Қонақтарда өз тәжiрибелерімен бөлісті.
Олжас Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары:
-Кейде біз алыс шетелден үйреніп жатамыз. Бірақ көрші елдерде үйренетін тәжірибе өте көп. Осы форуммен ғана шектеліп қалмай әледе ортақ шараларды өткіземіз деп сенеміз. Бұл болашаққа жақсы инвестиция.