Ақтөбеде көктемгі су тасқынына қарсы шаралар ерте басталды
Қаладағы арықтар мен суағарлар да тазартылып жатыр. Жыл сайын көктемде топан сумен күресетін шаһар енді бұл бұмысты сапалы атқармақ.
Қала аумағындағы төрт бірдей өзен арналары қазір жіті тазартылып жатыр. Атап айтқанда, Сазды, Жіңішке, Бұтақ және Тамдының бойы көктемде еритін қар суына кедергі келтірмеу керек. Сондықтан жағаларында қаулап өскен қамыс оталып жатыр. Жұмыстың жүру барысын облыс әкімі бақылауға алған. Шабылған қамыс пен шөп қоқыс полигонына жіберіліп жатыр.
Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:
- Құрылыс материалдарына, бірдеңеге жұмыс жасамаса өздері үшін. Бізге сондықтанда мына арнасын тазалау керек. Әңгіме осында ғой. Иә, өзегін тазалау керек.
Бұл жұмысты табиғат пайдаланушылар мен өзге де жауапты ұйымдар атқарып жатыр күн жылынғанда қалыпты су жүру үшін шамамен 10 шақырымнан астам өзен арнасы тазартылуы керек. Жыл сайын көктемде тасқынмен күресетін мекеме өкілдері ақтөбеліктерге өзен-көлдердің тазалығына да жауапкершілікпен қарауларын сұрайды. Өкінішке қарай, осы шара аясында су арналарынан тұрмыстық заттар да табылып жатыр.
Жангелді Әубәкіров, қала әкімінің орынбасары:
- Бұл жұмыстарды жасап отырған себептеріміз ертең мына көктемде елді мекендеріміз суға кетіп қалмауы үшін. Бұл жұмысты он күн бұрын бастады. Қазіргі таңда аяқтап қалдық. Сонымен қатар айтып кететін болсақ, қазір Ақтөбеде бүкіл тұрғындарға айтатынымыз қоқыстарын суағар жерлерге лақтырады. Сол лақтырмауды сұраймыз.
Қала ішіндегі суағарлар мен арықтар да тазартылып жатыр. Жоспар бойынша он күнде 50 шақырымдық суағар күл-қоқыс және арам шөптен арылуы керек. Мамандар биыл су тасқынының алдын-алу шараларын ерте бастау арқасында негізгі жұмыстар толық атқарылатынын айтады. Нәтижесінде көктемде қауіптің беті сейілетініне сенімді.
Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев