Елімізде шетелде тіркелген оң тізгінді көліктерді заңдастыруға рұқсат беріледі
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында оларды рәсімдеу құны 250 мың теңгеден аспауы тиіс екенін айтқан еді. Уақытында тіркелмеген автокөліктерге айыппұл салынады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген рулі оң жақта орналасқан автокөліктер бойынша бастапқы тіркеу мүмкіндігін беру ұсынылады. Бұл 20 мың жуық азаматқа өз көліктерін заңдастыруға мүмкіндік береді.