Ақтөбеде көлік апатынан жарақат алған жас спортшылардың барлығы есін жиды
Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев бір бала хирургия, 5-і травматология бөліміне жатқызылғанын жеткізді. Қалған екеуі үйлеріне қайтқан. Жаттықтырушы болса, әлі күнге дейін есін жия алмады. Тұрақты ауыр хәлде. Естеріңізде болса, облыс орталығына бет алған жас волейболшылар жол бойында апатқа ұшырап, бір бала қаза тапқан еді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.