Көкшетауда су құбыры жарылды
Ақан сері атындағы көшеде көлік қозғалысы уақытша тоқтады. Әзірге апаттың себебі белгісіз. Коммуналдық мекеменің бригадалары мен құтқарушылар құбырды қалпына келтіріп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде тұрғын үйлер судан ажыратылмайды. Алайда құбырдағы қысым төмендейді.