Талдықорғанда «Жетісу жастары» бағдарламасына құжат қабылдана бастады
Өтініш берген кезде олардың жасы 35-ке толмаған әрі тұрақты тіркеуде тұрғанына бір жыл болуы керек. Соңғы бес жылда өз атына жылжымайтын мүлік тіркелмеген болуы шарт. Үміткер жаңадан салынған үйді алса, бастапқы жарна төлемейді. Егер баспананы нарықтан сатып алса, онда алғашқы жарнасы 10% болмақ. 10 млн теңге «Отбасы банк» арқылы 5%-бен 19 жылға беріледі. Бұл мақсатқа қазынадан алғашқы транш ретінде 400 млн теңге бөлінген. Айта кетейік, қалада 10 млн теңгеге бір бөлмелі үй келеді.
Айдос Жақыпбек, қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы:
-Қаңтардың он тоғызында бізде құжат қабылдау аяқталады. Одан кейін бізде төрт күн құжаттарды тексереміз. Жоғарғы бал алған адамдар алғашқы 40 адам 10 млн теңгеге дейін алуына болады. 10 млннан аса үй қараған болса бөлшек саудасын өздері төлейді.