«Шұбаркөл» кенішінде көмір бағасы бір күнде 790 теңгеге қымбаттады
Бұл шешіммен келіспеген 150-ге жуық жүк көлігінің жүргізушілері көмір кенішінің алдына жиналып, бағаны төмендетуді сұрап отыр. Олардың айтуынша, кеніш басшылығы қара отын құнын әкімдікпен келіспей көтеріп жіберген. Яғни өткен жылмен салыстырғанда көмір бағасы 9,9% өскен. Мұны кеніш басшылары да растап отыр. Олар бағаны нарық реттейтінін, көмір жылдық инфляция деңгейіне қарай өскенін айтады. Қазіргі күні аталған кеніш жылына 12,5 миллион тонна көмір өндіріп, ел нарығының 50% қамтамасыз етіп отыр.
Сергей Ким, кәсіпорынның бас директоры:
-«Шұбаркөл көмір» отынды тұрғындарға тікелей сатпайды. Коммуналдық-тұрмыстық секторға қажетті көмір қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек биржада сатылады. Яғни баға биржадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптасады. Барлығын нарық реттейді. Айта кету керек, соңғы үш жылда көмір бағасы тұрақты болды.