3 жылдан соң «Қорғас» бекеті қайта ашылды
Олардың дені — туған-туыс, дос-жарандарымен кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізуді мақсат еткен адамдар. Бұл — Қазақстан мен Қытай арасындағы ең үлкен шекара бекеті. Пандемияға байланысты шекара маңы ынтымақтастығы орталығы 2020 жылдың қаңтарынан бері жабық болған. Әзірге жолаушылар соңғы 48 сағатта тапсырылған ПТР-сынама анықтамасын көрсетуге міндетті. Бірер күн бұрын Қытай Covid-ке қарсы енгізілген қатаң шектеу шараларын жеңілдетіп, карантин тәртібін алып тастаған болатын.