Қарағандыдағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ал оның қалай тұтанғаны зертхана мамандарының қорытындысынан соң болады. Еске салсақ, кеше кешкілік 16 қабатты үйдің бір пәтері жанып, үш адам мерт болған еді. 70 жастағы үй қожайыны полиция полковнигі екен. Қарағанды академиясында еңбек еткен. Қаза болған екінші адам оның жұбайы, ал үшіншісі туған ағасы. Олардың 44 жастағы ұлы терезеден секірген. 8-ші қабаттан аулада тұрған автокөліктің үстіне түседі. Содан аман қалған болуы керек. Аяғы мен кеуде сүйегі сынған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулығы жақсарған соң, одан басты куәгер ретінде жауап алынбақ. Өрт сөндіру кезінде 8 пәтерді су басқан. Ондағы тұрғындар уақытша жатақханаларға орналастырылды. Жергілікті билік зардап шеккендерге барлық көмектің көрсетілетінін жеткізді. Қазір үйге тоқ берілді. Тұрғындардың біразы баспаналарына оралды. Ал кейбірі әлі де кіре алмай отыр, пәтерлері судан қатты бүлінген. Шығын есептеліп жатыр.
Еркін Құсайынов, қала тұрғыны:
- Үш немереміз бен ұлымыз, келін тұрады осында. Қалай оралады мынаның барлығын жөндеу керек қой. Енді пәтер жалдап тұра ма, білмеймін. Су қойған ғой мынаның бәрін ашып МЧС. Енді мынаның бәрі шығын ғой.
Мұрат Қатпанов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
- Табылған адамдар өз бөлмелерінде болған. Ұйықтап жатқан кезде сол түтіннен мүмкін тұншығып қайтыс болған. Ешқандай жарақаттары жоқ, күйген жерлері жоқ. Тек қана сол аман қалған адамның ісінен бе?. Мүмкін ол байқаусызда темекісін сөндірмей ұйықтап қалды ма? Ашық от шыққаннан өрт пайда болған.