Оңтүстікте аяз күшейеді
Синоптиктер алдағы 2 күнге осындай болжам жасап отыр. Мәселен, елдің солтүстігінде сынап бағанасы күндіз -13-26 градус болса, оңтүстік өңірдегі кей аудандарда аяз -20-дан -36 градусқа дейін жетеді. Орталықта күндіз -17-25 градус аяз болады. Ал шығыста температура бағамы -25-30 градусқа дейін түссе, батыста -7-20 градусқа дейін суық болады. Жалпы еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ.