Жезқазғанда заңсыз алкоголь және темекі өнімдерін сатқан адам қамауға алынды
Тергеу барысында күдікті азаматтың салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмегендігі және мұндай өнімдерді сатуға рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды.
Ізбасар Жұмажанов, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:
- Департамент осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Көлеңкелі айналымнан алынған өнімнің жалпы құны 20 млн теңгеден асады.