Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар байқауы басталды
22-сі қысқа, 16-сы орта және 9-ы ұзақ мерзімді жобаларға арналады. Жаңа ережеге сай қаржыландыру да жобалардың мерзіміне қарай жүргізіледі. Ол үшін республикалық бюджеттен 1,3 млрд шамасында қаражат қарастырылған. Сондай-ақ мамандардың айтуынша енді ұйымдар өздері ұсынған мәселенің шешімін де қоса көрсетуі керек. Қысқа және орта мерзімді гранттар үшін өтінімдер 1 ақпанға дейін қабылданады. Ал ұзақ мерзімді жобаларды қабылдау 15 ақпанға дейін жалғасады.
Ғалым Құрман, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы:
-Байқаудың барлық жеңімпаздарын құрамына қоғам белсенділері сарапшылар кіретін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы айқындайтынын атап өткім келеді. Гранттардан не күтеміз?! Бірінші кезекте соңғы бенефициарға дейін жетсе екен. Мемлекеттен бөлінген ақша өзінің тиімділігін берсе екен.