Астана маңында парашютпен секіру кезінде сарбаз қаза тапты
Марқұм әскер қатарына былтыр Қарағанды қаласынан шақырылыпты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеріс жүргізіліп жатыр.
Талғат Қойбақов, ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы:
-Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.