Қарағанды облысында газ құбыры құлады
Кокс газын тасымалдайтын құбыр опырылып құлаған. «Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, өндіріске де айтарлықтай зиянын тигізбеді», — дейді компания өкілдері. Құбырдың диаметрі екі метрден асады. Шамамен 20 метрі сынған. Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын дәл осы коксхимия цехында қайғылы жағдай болып, бір адам көз жұмған еді.