Қазақстанда көлік бағасы өсіп жатыр
Өзге де өндірушілер тауарлар құнын өсірген. Сарапшылар қазір автосалондағы темір тұлпарлар орта есеппен 5-10% қымбаттағанын айтады. Мұны сатушылар, тасымалдау ақысының өсуі және жаңа көліктердегі мүмкіндіктердің көбеюімен түсіндіреді. Естеріңізге сала кетейік, былтыр елімізде жеңіл автомобильдер 2 рет қымбаттаған еді.
Артур Мискарян, сарапшы:
- Жыл сайын алғашқы тоқсанда жаңа көліктердің 10% дейін қымбаттауы қалыпты жағдай. Бұл валюталық индексация мен көліктердің жаңаруына байланысты. Ал алдағы уақытта не болады дегенге келсек, биыл темір тұлпарлардың бағасы өткен 3 жылмен салыстырғанда едәуір тұрақты болады деп болжап отырмыз. Себебі бұған дейінгі жылдары баға қатты көтерілді. Ал биыл олай болудың жөні жоқ.