Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында жылу бағасы арзандады

Осыған байланысты енді 6 мың тұтынушы 17% арзан төлейді. Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, коммуналдық кәсіпорын мемлекет субсидиялайтын көмірді қымбат бағамен сатып алған. Осыған байланысты қара отынды жеткізетін компания директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде компания өкілдері көмірдің сапасыз түрін түсіргені анықталған. Ол жылудың сапасына әсер еткен. Енді Ақтас кентінің тұрғындары жылуға бұрынғыдай 4 мың 540 теңге емес, 3 мың 431 теңге төлейтін болды. Саран қаласының тұрғындары үшін де тариф шамамен мың теңге төмендеді. 

Әбілхайыр Бөлегенов, облыстық Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:
-Біз коммуналдық кәсіпорынның құжаттарына анализ жасап, олардың тарифті өсіргені жайлы ақпаратты назарға алдық. Олар көмірді шамамен 2 есе қымбат бағамен сатып алыпты. Сондықтан осындай шешімге келдік.
.