Қарағандыда ауласын қардан тазаламағандар айыппұл төлейді
Себебі көктем келе күн күрт жылынса, қаланың маңындағы жер үйлердің көбі қызыл судан зардап шегуі мүмкін. Осыған дейін қарағандылық полицейлер қаланың жеке секторы мен бизнес өкілдеріне екі мыңға жуық ауызша ескерту жасап, ұйғарым берген. Араға он күн салып, нысандар қайта тексерілді. 1500 әкімшілік хаттама толтырылған. Бесеуі ескертуді бір жылда екінші рет бұзғандықтан, 40 айлық есептік көрсеткіш, яғни 140 мың теңгедей айыппұл төлейді.
Бауыржан Мұхамеджанов, қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары:
- Үлкен кәсіпорын және кіші кәсіпорындарды тексеріп, 40-тан астам ұйғарымды қолдарына ұсынғанбыз, 10 күндік ішінде шара қабылданбағандықтан, біз қазіргі таңда ӘҚБ 505-бабына сай 11 әкімшілік хаттама толтырып, айыппұлдар салынған болатын.