Шығысты ұлпа қар басты
Бір аптаның ішінде ақ ұлпаның екі айлық мөлшері түскен. Шалғайдағы Қатонқарағай, Алтай аудандарында қар жаумаған күндер аз. Сондықтан мұндағы коммуналдық саланың да жұмысы ауырлады. Мәселен, Алтай қаласында көшелерді қардан тазалау жұмыстары тәуліктеп жүргізілуде. Мамандар қарғын судың алдын алу үшін күн-түн демей еңбек етіп жатыр. Өйткені бір күн ішінде жауған ақ ұлпаның қалыңдығы 60-70 см-ден асып түскен. Қаладағы омбы қарды шығаруға 80-нен астам техника мен 160 адам жұмылдырылған.
Медет Сахариев, Алтай ауданы әкімінің орынбасары:
-Біздің әр ауданда, әр ауылда мердігер ұйымдармен келісімшарттар бекітілген. Жұмыстар жасадық, барлық жерде автобустық маршруттар бір күн де тоқтаған жоқ.