Іле ауданында мердігер компанияға ескерту жасалды
Сусын өндіретін кәсіпорын әлі күнге дейін инженерлік жүйеге қосылмаған. Шарт бойынша зауытты су және электр желімен қамту жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді. Қаражаттың шамамен 80% аударылғанымен, жауапты компания міндетін орындамай отыр. Жағдайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменді қатаң бақылауға алды.
Серік Орымбетов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы:
-Серіктестік уәде берді бізге осы кездесуде. Наурыз айында уәдемізді орындап, келісімге келдік сондай. Зауыт инженерлік сеттардың бәрін қосуға. Сол уәдесін ұстайды деп ойлаймын.