«Алтын-емел» ұлттық саябағында қар барыстарына GPS қарғыбау тағылды
Сол арқылы қорық қызметкерлері мен зоология институтының ғалымдары биіктікті сүйетін бекзат аңның мекен ететін аумағын анықтап, күніне қанша шақырым жүретінін есептемек. Жоба жер бетінен жойылуға шақ қалған жыртқыш жайлы толыққанды зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қазір табиғи саябақ аумағында 15 барыс тіркелген.
Марғұлан Мұсабеков, «Алтын-емел» МҰТП Ғылым бөлімінің басшысы:
-Үш қар барысы Алтынемел ҰП аумағынан шықпаған. Қазіргі таңда қыстап жатқаны Жүзасу шатқалы Шылбыртізгін нақты тауешкінің мекен ететін жерінде тұрақтап қалды. Бір күнде қар барысы 18-21 шақырым аралығында жортып кезеді.