Жетісу облысында 4 ақпанға дейін жаңбыр жаууы мүмкін
Салдарынан қар еріп, сел жүруі ықтимал. Қауіптің алдын алу үшін облыстық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тікұшақпен өңірдегі таулы аймақтарға барлау жүргізген. Өткен жылмен салыстырғанда қардың 30% қалың түскені анықталды. Сонымен қатар мамандар тұрғындарды өз үйі маңындағы арықтардың мұзын ойып, тұрмыстық қалдықтардан тазалауға шақырды.
Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:
-Жетісу облысының аумағында бес ауданның аумағында 7 тасқын жүру қауіпі анықталған. Тасқын қауіпі учаскелерді күнделікті мониторингтеу мақсатында «Қазселденқорғау» және «Қазгидромедтің» 52 гидропосттары құрылған. Қауіпті учаскелерді алдын-ала анықтау және сол жердегі қауіптің алдын алу мақсатында ТЖД жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, профилактикалық іс шаралар атқаруда.