АӨК бойынша 1700 жоба іске асырылады
Үкіметте агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы қаралды.
Құжатқа сай алда келесідей міндеттер тұр. Саланың еңбек өнімділігін 2 есе, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 3 есе ұлғайту. Сондай-ақ барлық азық-түлік тауарларымен ішкі нарықты 90% қамтамасыз ету. Бұл үшін 1 мың 700 инвестициялық жоба іске асырылады. Мал мен тұқым шаруашылығын дамыту, аграрлық ғылымға қолдау көресту, дамыған елдердің тәжірибесін пайдалану да ескерілген.