Талдықорғанда жылу құбыры жарылды
Талдықорғанда жылу құбыры жарылып Самал, Ғарышкер, Мүшелтой, Жастар шағын аудандары мен қаланың орталық бөлігіндегі 67 көпқабатты тұрғын үй, 12 мемлекеттік мекемеге жылу беру уақытша тоқтатылды. Апат болғаннан бастап желтоқсан көшесінің бойындағы диаметрі 700 милиметрлік құбырды дәнекерлеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 20-дан аса маман мен арнайы техника жұмылдырылған. Айта кетейік, қаладағы жылу құбырларының 60%-дан астамы ескірген. Жауапты ведомство өкілдері құбырлар кешке дейін жөнделеді деп уәде еткенімен, үйлерге жылу әлі жетпеген.