Сарапшылар: Құрылысты қатаң бақылау керек
Апаттың айтып келмейтінін Түркиядағы жағдай тағы бір мәрте түсіндірді. Сондықтан әлемдік құрылыс саласы сейсмикаға төзімді болуы тиіс. Алматыда басталған «Индустриялық құрылыс» халықаралық конференциясының негізгі тақырыбы осы болды. Қазақстандық және шетелден келген мамандар сейсмикалық қауіпті аймақтарда тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысында қолданылатын жаңа конструкциялық материалдарға талдау жасады. Сарапшылар құралмалы темірбетон құрылғысын қолданған жөн дейді. Ол зауытта шығарылатын болғандықтан егжей-тегжей есептеліп жасалады. Ал монолит ғимараттардың бетоны құрылыс алаңында құйылатындықтан кемшіліктер кетуі мүмкін. Дегенмен мамандар: «Қандай жаңа технология болмасын, құрылыс материалдарын зауытта дайындау кезінен бастап, ғимаратты қабылдап алу процессінің өзі қатаң бақылануы керек», — дейді.
Бегман Құлбаев, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры:
-Тек жер сілкінісі болып кеткеннен кейін емес, оның алдында да көтеріліп жатқан жағдайлар. Әрине біз жалпы әр нысанды қабылдау кезінде мемлекеттік комиссияны оңтайландырып, шешу немесе қабылдау процесін үш-төрт тұлғаның аясында ғана заңнамалық шешім қабылданған болатын өзінің кезінде. Қазіргі заманда соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты бұл мәселе де қайта қарастырылуы мүмкін.