Павлодар облысында қарғын судан қауіп бар
Павлодар облысында елді мекендер аумағынан шығарылған қардың көлемі 1 миллион текше метрден асып кеткен. Қазір көктемгі тасқынның алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті. Су басуы ықтимал деген 43 елді мекен анықталды. Қауіпті аймақта екі мыңдай тұрғын үй, он мыңнан астам халық бар. 600 техника мен өзге де қажетті құрал дайын.
Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД бастығы:
-Жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен 34 мың данадан астам қаптар, 6573 тонна инертті материал бар, 105 тонна жанар-жағармай қоры дайындалды. Енді тамақтануға және жылу беруге бізде зардап шеккен халық болып жатса оларға 99 орын әзірлеп қойдық және жарылыс жұмыстарына 7 ниет білдіру шарттары жасалды.