Семейде су басқан үйлер қалпына келтіріледі
Шығын өтеледі. Қала әкімдігі осылай деп мәлімдеді. Кеше шаһардағы кәріз коллекторы жарылып, 6 үй мен 16 ауланы су басқан еді. Коммуналдық кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, үйлердің аумағынан 3000 текше метр су сорылған. Тұрғын жайларға су кірмес үшін, инертті материалдар салынған 600-ден астам қап төселген. Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдай департаменті мен Төтенше жағдай министрлігі әскери бөлімінің 115 қызметшісі жұмыс істеп жатыр. 46 арнайы техника жұмылдырылған.
Нұрбол Нұрсағатов, қала әкімі:
-Қазіргі кезде комиссия құрылды. Алты үйді аралайды. Ертең он үйді көреді. Содан кейін тиісті жұмыстарды жасаймыз және де қандай зазал келген, барлығы орнына қойылады.