Павел Унич: Шекарада тыйым салынған тауарларды бақылау күшейтіледі
Қостанай облысында сегіз жүк көлігі шекарадан кері қайтарылды. Олар 160 тонна пиязды Ресей Федерациясы аумағында қымбатқа саудаламақ болған. Көкөністер Челябі облысы бағытындағы «Қайрақ» көлік өткізу пунктінде тәркіленді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бір аптаның ішінде шекарадағы осындай 8 заңсыздықтың жолын кесті. Қазір аталған өнім елде тапшы. Сол себепті ауыл шаруашылығы министрлігі 28-ші қаңтардан бастап пияз экспортына үш айға шектеу қойды.
Павел Унич, Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
-Біздегі ақпаратқа сәйкес қақпақпен жабылатын тауарларды пайдаланып пиязды сыртқа шығару әрекеттері дайындалып жатыр. Осыған байланысты шекарада тыйым салынған тауарларды бақылау күшейтіледі. Тәркіленген жағдайда тасымалдаушыға әкімшілік жаза қолданылады.