Шошқакөл көлдер жүйесінде балық қырылды
Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіге түрлі видеолар жүктеп, таратуда. Су айдыны Сауран және Отырар аудандарының аралығында орналасқан. Қазір су маржандарының нақты неден қырылғанын анықтау мақсатында Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы мен балық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығының мамандары арнайы зерттеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Абай Сәдірқожа, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің бас маманы:
-Мұздан болуы мүмкін не болмаса сол жердегі басқада аурулардың себептері болуы мүмкін. Қазіргі таңда нақты ақпарат жоқ. Осы саламен тікелей байланысты біздегі балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының тікелей сараптамасына сәйкес хабарлайтын боламыз. Шошқакөлдер жүйесінің бір көлінде балықтың қырылу қаупі тіркелген.