Каспийде итбалықтар үшін қауіпсіз табиғи аймақ құру жоспарланып отыр
Каспийде итбалықтардың қырылуына өткір пневмония, яғни өкпелерінің қабынуы, иммунитеттерінің төмендеуіне байланысты вирустық инфекциялардың өршуі себеп болған. Ал мұның бәрі нашар экологиялық жағдайдың кесірі. Бұл туралы еліміздегі Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері айтты. Өткен жылдың қарашасында Каспий жағалауында 172 итбалықтың өлексесі табылған еді. Арнайы құрылған жұмыс тобы жағдайды жіті зерттеп, осындай қорытынды шығарды. Айта кетейік, 2020-жылы Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілген. Алдағы жылы Каспийде итбалықтар үшін қауіпсіз табиғи аймақ құру жоспарланып отыр.