2025 жылдың соңына дейін халық ауыз сумен толық қамтылады
Бұл туралы Сенат отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Аймақтарды дамыту жөніндегі парламенттік тыңдауда баяндама жасаған вице-премьер биылдың өзінде бұл салаға 172 млрд теңге бөлінгенін айтады. «Сенаторлар өңірлерде жолдарды жөндеу қажет», — дейді. Бұған Үкіметтің жауабы дайын. Роман Склярдың сөзіне сенсек, соңғы жылдары 9 жарым мың шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жол жөнделген. Ал осы жылы аудан, ауылдардағы 3 мың шақырым жол қалыпқа келтірілмек. Сондай-ақ депутаттар облыстардағы жылу және электр желілерінің тозғанын тілге тиек етіп, ауылдардағы ұялы байланыс пен ғаламтордың сапасына сын айтты. Сенат төрағасы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы үнемі бақылауда болатынын жеткізді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Жалпы өңірлерді дамытуға бағытталған мәселелерді талқылайтын алдағы уақытта көптеген шаралар Сенатта өтеді. Оның ішінде көшпелі комитеттің отырыстарын өткіземіз, өңірлерге барады біздің депутаттарымыз. Үкімет сағаттарында да нақты мәселелерді шығарып, оны да талқылайтын боламыз. Себебі өңірлердің мүддесін қорғау – Сенаттың жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі.